$455 €498.77 ₽5.56

Жойқын дауылдан 3 тұрғын қаза тапты

22.11.2026ж. 17:03
Жойқын дауылдан 3 тұрғын қаза тапты
Фото: istockphoto.com

Бразилияның оңтүстік бөлігінде болған жойқын дауыл салдарынан 3 тұрғын көз жұмып, 8 мыңға жуық үй түрлі дәрежеде зақымданды, деп хабарлайды Astana TV.

Әсіресе Риу-Гранди-ду-Сул штатында қатты жел соғып, екпіні сағатына 114 шақырымға дейін жеткен.

Дүлей жел тұрғын үйлер мен ғимараттардың шатырын жұлып, ағаштарды тамырымен қопарып, электр желілерін үзді. Азаматтық қорғаныс өкілдерінің айтуынша, бұл төтенше жағдайға сирек байқалатын атмосфералық құйын себеп болған. Қазір зардап шеккен өңірде қалпына келтіру және тазалау жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр.

Алдыңғы жаңалық