$455 €498.77 ₽5.56

Қостанай облысында қасқыр адамға шабуыл жасады

Қостанай облысында қасқыр адамға шабуыл жасады
Фото: ЖИ

Оқиға Жангелдин ауданындағы Ақкөл ауылында болған

Зардап шеккен азамат ата-анасына қонаққа келген. Кешкі уақытта таныстарына бару үшін сыртқа шыққан ол жарықтандырылмаған жол бөлігінде аяқ астынан қасқырға тап болған, деп хабарлайды Astana TV. 

Жыртқыш адамның қолын азу тісімен тістеп алған. Абдырап қалған тұрғын жақын маңдағы үйлердің жарығы түсіп тұрған жерге қарай жүгірген. Алайда қасқыр оның қолына жабысып, жақ сүйегін босатпаған.

Шу мен айғайды естіген көршілері сыртқа жүгіріп шыққан. Олардың бірі аңшы мылтығымен қасқырды атып өлтірген.

Оқиға орнына жедел жәрдем шақырылып, қолы қанға боялып, денесінде жыртылған жарақаттары бар зардап шеккен азамат Жангелдин аудандық ауруханасына жеткізілген.

Ақкөл ауылында жабайы жануарлардың елді мекенге жақындауы жиі кездеседі. Олар азық іздеп ауылға кіреді. Әсіресе мұндай жағдайлар қыс мезгілінде жиілейді.

Тұрғындардың айтуынша, олар өздерін қауіпсіз сезінбейді. Ауылда тіркелген қаруы бар адамдар аз. Оның үстіне, олардың ешқайсысы туған ауылының көшелерін патрульдеуге құлықты емес.