$458.28 €501.45 ₽5.59

ҰҚК: «Қазатомөнеркәсіп» топ-менеджері ұсталды

25.11.2026ж. 19:00
ҰҚК: «Қазатомөнеркәсіп» топ-менеджері ұсталды

«Қазатомөнеркәсіп» топ-менеджері Қуаныш Омарбеков ұсталды. Ұлттық қауіпсіздік комитеті қолға түсірген адамдардың арасында компанияның өзге де мүшелері бар. Олар  «Самұрық-Қазына» қорының бұрынғы басшылығы ұйымдастырған сыбайлас жемқорлық схемасына қатысы бар деген күдікке ілінген. Қазір күдіктілер уақытша ұстау изоляторында. {+СНХ}

ҚАЙЫРЛЫ АХМЕТ, ҚР ҰҚК БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ:

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 367-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жария етуге жатпайды. Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау және «Заң және Тәртіп»қағидатын сақтау аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жұмыстары жалғасуда.