$458.28 €501.45 ₽5.59

Енді энергияны тиімсіз пайдаланғандар жауапқа тартылады

AstanaTV
25.11.2026ж. 19:00
Енді энергияны тиімсіз пайдаланғандар жауапқа тартылады

Енді энергияны тиімсіз пайдаланғандар жауапқа тартылады. Яғни жарық пен жылуды мөлшерден тыс пайдаланып, талапқа сай келмейтін тауарлар мен қызметтерді сатып алған ұйымдарға айыппұл салынады.  Мұндай шараға елдегі энергия тұтыну деңгейінің жоғарылауы себеп. Соңғы төрт жылда энергияны жалпы тұтыну көлемі 10,8 пайызға артқан. 

АРМАН ҚАЛЫҚОВ, ҚР ҚҰРЫЛТАЙЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ, "ӘДІЛЕТ" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Ұсынылған заң жобаларын қабылдау мемлекеттік реттеудің қолданыстағы тетіктерін жетілдіруге, өнеркәсіпте және бюджеттік секторда энергия үнемдейтін технологияларды қолдануды кеңейтуге, энергетикалық сервистер нарығын дамытуға жағдай жасауға және түптеп келгенде, еліміздің энергетикалық ресурстарын неғұрлым ұтымды пайдалануды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Бақылау тек өндіріс орындарымен шектелмейді. Мектептер, ауруханалар мен балабақшалар да тексеріледі. Жоспар бойынша қосымша 5000 әлеуметтік нысан қамтылып, энергияны үнемдеудің тиімді жолдары ұсынылады.