$458.85 €503.5 ₽5.59

Таразда жаңа оқу кешені мен жатақхана ашылды

AstanaTV
27.11.2026ж. 19:00
Таразда жаңа оқу кешені мен жатақхана ашылды

Таразда дарынды балалаларға арналған IT-лицей-интернатының жаңа оқу кешендері ашылды. {ЗКТ} Заманауи кешен үш блоктан тұрады. 300 орындық оқу корпусы, соған сай жатақхана ғимараты, ауқымды асхана, кітапхана, спорт және акт залы бар. Осыған дейін лицей-интернаттың жатақханасына небәрі 45 бала сиатын. Міне жатын орын саны артып, алыс-жақын аудандардан келетін дарынды балалардың барлығы қамтылып отыр. Оларға қолайлы жағдай жасалып, 8 жыл бұрын ашылған ақпараттық технологиялар бағытындағы лицейде орын тапшылығы шешімін тапты. 

ШОҚАН ҚАЛДЫБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН «IT ЛИЦЕЙ-ИНТЕРНАТЫ» КММ ДИРЕКТОРЫ:

Бұдан бөлек робототехника және STEM-лабораториямыз бар. Қазіргі таңда 325 оқушы оқиды. Жаратылыстану бағытындағы пәндердің барлығында ағылшын тілінде білім беріледі. Осыған дейін 163 мектеп түлегі бітірді. Ол студенттеріміздің барлығы әлемдік және Қазақстанның ТОП-ЖОО-ында білім алуда.