Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Оралдықтар интернет алаяқтардың кесірінен 5 миллион теңгесінен айрылған

AstanaTV
26.04.2018ж. 20:00
2225
Оралдықтар интернет алаяқтардың кесірінен 5 миллион теңгесінен айрылған

Оралда ғаламтор арқылы алаяқтарға жем болғандар екі есеге көбейген. Қалалық ішкі істер басқармасы жыл басынан бері 63 оқиғаның тіркелгенін хабарлайды. Онлайн сауда жасамақ болған оралдықтар интернеттегі "саудагерлерге" 5 миллион теңгесін берген. Полицейлер бұған азаматтардың өздерін кінәлайды. Олардың айтуынша, ғаламтор желісі арқылы зат сатып алғысы келген тұрғындар, жеке куәлігі мен банкомат карточкасы секілді жеке бас құжаттарын бейтаныс адамдарға жібереді. Ал, әккілер оны пайдаланып, банк есепшотынан ақша шешіп алатын көрінеді. Тәртіп сақшыларының дерегінше, алаяқтық былтырғыдан екі есеге көбейген. Сондықтан баспана, көлік, тіпті дүние-мүлік сатып алмақ болған тұрғындарға полиция сақ болуды ескертеді. 

Нұрлан Бисенов, Орал қалалық ІІБ бастығының бірінші орынбасары:

Қиындық тудыратыны - бұл күдіктілердің көбі Орал қаласында емес, біздің Қазақстан Республикасының басқа аймақтарында, басқа облыстарында отырып, басқа қалаларында отырып, осындай қылмыстық әрекеттерді жасап жатыр. Біз нақты білеміз, қай қалада екенін. Жақын арада іссапарға жолданып, ол жұмыстардың түбіне жетіп, қылмыскерлер ұсталынып, күдікті адамдар жауапқа тартылады.