$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Республикалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны іске асыру жөнінде мониторингтік топ Атырау облысында болды

AstanaTV
27.04.2018ж. 20:00
3163
Республикалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны іске асыру жөнінде мониторингтік топ Атырау облысында болды

Атырау облысында оқу орындарын бітірген жас дәрігерлер аудан орталықтарын тастап, қалаға кетіп жатыр. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны іске асыру жөнінде мониторингтік топ оларды ауылда 3-5 жылға дейін қызмет етуге міндеттеу қажет деген ұсыныс айтты. Бүгін олар атыраулық мемлекеттік қызметшілер мен мекеме-үйым басшыларымен кездесіп, жең ұшынан жалғасқан жемқорлықты болдырмау жайын талқылады.

Жыл басталғалы республикалық мониторингтік топ 5-ші аймаққа ат басын тіреп отыр. Олар Атырау облысында да өзге өңірлерде кездескен кемшіліктерді байқағандарын айтты. Ол Жұмыспен қамту орталықтарында электронды жүйенің істемейтіні, ал Халыққа қызмет көрсету орталықтарында ұзын-сонар кезек. Ал, кей аудандарда одан да өзекті мәселелер бар деді. Мәселен, оқу бітіріп Индер ауданындағы ауруханаға келген жас мамандар ұзаққа бармай кері қайтатын көрінеді.

Тоқтамыс Жұмағұлов, ҚР МҚІСЖ қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті басшысы:

Жас дәрігерлер университет бітіріп ауылдық жерге келген кезде, 1 айдан, 2-3 айдан кейін кетіп қалу мүмкіншіліктері бар екен. Онда олар не үшін жіберіледі? Нормативтік актіде нақты көрсетілмеген екен. Содан осы мониторингтік топтың арқасында нормативтік актілерге өзгерістер, толықтырулар кіргізуге біз ұсыныс нақты береміз. Соның арқасында ол жас маман ауылдық жерге жіберілген болса, ол сол жерде кем дегенде 3 не 5 жыл қызмет жасауға тіисті.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мемлекеттік қызметшілердің әдебін жетілдіру мақсатында енгізген әдеп жөніндегі кеңес пен уәкіл институттары да өз нәтижесін беріп жатқанын айтты

Равиль Төлеубаев, ҚР МҚІСЖ қарсы іс-қимыл агенттігінің департамент басшысы:

Республикалық деңгейде әлеуметтік зерттеулердің қорытындысы бойынша халықтың 73 пайызы мемлекеттік қызметкерлердің әдептігіне ризашылығын білдірсе, Атырау облысы бойынша 84 пайыздан асып отыр. Яғни орташа республикалық деңгейден Атырау облысының мемлекеттік қызметкерлерінің әдептілігі жоғары деп есептеледі. Бұл жақсы көрсеткішАл әдеп жөніндегі уәкілдердің жұмыстардың тиімділігіне сенетін мемлекеттік қызметшілердің және азаматтардың саны 71 пайыз республика бойынша. Ал Атырау облыс бойынша 90 пайыздан асып отыр. 

Агенттіктің дерегінше, республика бойынша жемқорлық былтырғы жылмен салыстырғанда 18 пайызға азайған. Ал халықаралық рейтингте ең сыбайлас жемқорлар тобынан шыққан. 9 орынға көтеріліп, 122-ші орынға тұрақтаған.