Каспий
теңізінің шығыс жағалауында жаңа халықаралық деңгейдегі порт ашылды.
Түркменстанның теңіз айлағы жылына 75 мың кемеге қызмет көрсетуге қауқарлы. Ал жылдық өткізу қуаты шамамен 4 миллион тоннаға жуық деп хабарлайды Рейтерс. Порт
қазірдің өзінде теңіз деңгейінен төмен орналасқан айлақ ретінде Гиннестің
рекордтар кітабына еніп үлгерген. Ел билігі жаңа ашылған орын Еуропа мен Азияны
байланыстыратын бірыңғай хаб болып, елдегі тауар айналымын 3 есеге ұлғайтады
деп сенім білдіріп отыр. Естеріңізге салсақ, Каспий теңізі әлемдік мұхитқа жол
ашпағанымен, аймақтағы маңызды транзиттік тораптың бірі болып табылады.