Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Науқастардың 68 пайызы ауруханаға жедел түрде түседі

AstanaTV
03.05.2018ж. 20:00
2827
Науқастардың 68 пайызы ауруханаға жедел түрде түседі

Елде науқастардың 68 пайызы ауруханаға жедел түрде түседі. Ал дүниежүзілік көрсеткіш 40 пайызды құрайды. Бұл туралы "Нұр Отан" партиясында медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің жаңа үлгісін таныстыру кезінде айтылды. Денсаулық сақтау министрлігінің есебінше, былтыр 3 миллиондай адам ауруханаға түссе, оның тек 32 пайызы ғана жоспарлы түрде ем алған. Аяқасты сырқаттанғандардың көбі жүктілікпен, инфекциялық емес аурулармен және травмалармен түскен.

Зәуреш Аманжолова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, "Нұр Отан" фракциясының мүшесі:

Қазақстанда экстренно түрде көрсетілетін көмек 68 пайызды құрайды. Ол әрине, өте үлкен. Себебі дүниежүзінде ол 40-42 пайызға дейін барады. Оның бір себебі жоспарлы түрдегі көмекті біз дер кезінде өткізіп, профилактиканы жақсылап өткізсек, онда ол экстренный көмек азаяды. Оның көбі қария адамдар, диспансерлік группадағы адамдар және балалар, инвалидтер.

Бұдан былай диспансерлік есепте тұрғандар саны 10 есеге қысқармақ. 277 түрлі атау 29 атауға азайтылады. Бұл дәрігердің бақылауында болуы тиіс, өлім-жітімге әкелуі мүмкін ауыр науқастар. Тізімді қысқарту мемлекеттің қолдауына зәру сырқаттардың емге, дәріге қолжетімділігі мен сапасын арттырмақ. Әлеуметтік маңызы бар 13 топ та 5 топқа қысқартылмақ. Денсаулық сақтау министрлігі президент жолдауы аясында осындай жаңа үлгіні ұсынбақ.

Ләззат Ақтаева, ҚР Денсаулық сақтау министрінің орынбасары:

Жеңілдік жасалатын категориядағы адамдар әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында, яғнитегін емделе береді. Диспансерлік есептегі альцгеймер, остеоартроз секілді дәрігердің бақылауын қажет етпейтін аурулар тізімде болмайды.