Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

«Дипломмен ауылға» бағдарламасымен баратындарға берілетін көтерме жәрдемақы аз

AstanaTV
04.05.2018ж. 20:00
5491
«Дипломмен ауылға» бағдарламасымен баратындарға берілетін көтерме жәрдемақы аз

Ауылды жерлерде әлі күнге дейін мұғалімдер мен дәрігерлер тапшы. Жыл сайын «Дипломмен ауылға» бағдарламасының аясында талай жас маман елді мекендерге жол тартады. Дегенмен қажеттілік әлі де жойылмай тұр. Аталған бағдарламаның аймақтардағы орындалу жайы қалай? Кадр тапшылығын шешу үшін не істеу керек? Әріптесім Айзада Төребекқызы осы сұрақтарға жауап іздеп көрді.

-Анализді қай уақытта тапсырдыңыз? - Екі жұма бұрын...

Олимжан Байталиев медицина университетінің 7-ші курсында оқиды. Екі айдан соң оқуын аяқтайды. «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша Абай ауданының орталық ауруханасына жолдама алған. Тұратын үйі дайын. Жергілікті билік келіншегін жұмысқа орналастырып, балаларын бақшаға жайғастыруға уәде еткен. Тіпті отын-суына дейін шешіп бергенін айтады. Егер жағдай жасалса талай жас маман ауылға келер еді дейді өзі. 

Олимжан Байталиев, Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің студенті:

Олар, мысалыға, условие істеп беретін болса, подъемный тағы кішкене қосып беретін болса, онда ол жерге барады студенттер. Айттым ғой мен, қалаға қарағанда ауылды жерде, мысалыға, 25 процент тағы қосып береді жалақысына. Сол себепті условие жаратып берсе, студенттер барады. Бармайды емес, көбісі барады.

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша, жас мамандарды тартудан әзірге Оңтүстік Қазақстан облысы көш бастап тұр. Былтыр 905 адам ауылды жерге жұмысқа орналасты. Соның 3 тен бірі төмен пайызбен 15 жылға баспана рәсімдеген. Десе де мемлекет тарапынан берілетін көтерме жәрдемақысы мен баспана алуға берілетін қаражат көлемін өсірмесе жағдай тұрақталмайды -дейді салаға жауаптылар. Өйткені ауылды жердің өзінде баспана бағасы қымбат.

Зәуреш Сарыбаева, Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысы:

Берілетін көтерме ақының көлемі аз. 70 АЕК. Біз оны 200 айлық есептік көрсеткішке көтеру туралы үкіметке хат жазған болатынбыз.

Мұхтар Сейітжаппаров,  ОҚО отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқарма басшысының орынбасары:

Тұрғын үй алу мәселесінде бірқатар мәселелер кездесіп жатады. Осыларды шешу бойынша ұсыныстар берілген. Жақында ғана өткен республикалық кеңесте де осы мәселе қозғалды, осы мәселе қозғалып, ұсыныстар айтылды жастар тарапынан. Енді алдағы уақытта бұл мәселе өз шешімін табады деген үмітпен күтіп отырмыз біз.

Аймақтарда білім саласында физика, математика пәнінің мұғалімдері жетіспейді. Ал медицинада негізінен педиатр, неонатолог, офтальмолог, тіс дәрігерлері тапшы екен.

Айзада Төребекқызы, тілші:

Кадрларды ауылды жерлерде жұмысқа тарту мәселесін әр өңір өзінше жұмыс атқарып жатыр. Оның қалай жүріп жатқанын ертең кешкі сағат 20-00 де «Біздің уақыт» сараптамалық бағдарламасында кеңінен айтамыз.  Айзада Төребекқызы