Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Жоғары атқарушы биліктегі ауыс-түйістер

AstanaTV
26.03.2016ж. 20:00
1874
Жоғары атқарушы биліктегі ауыс-түйістер

 Ол 2013 жылдың желтоқсанында Павлодар облысына әкім болып тағайындалғанша Жамбыл облысын басқарғаны мәлім. Ал оның орнына Павлодар қаласының әкімі болған Болат Бақауов тағайындалды. 1971 жылы туған ол тоқсаныншы жылдары бір мекемеде шофер болып та істеген, кәсіпкерлікпен айналысып, шаруашылық та, аудан да басқарған. Ал 2014 жылдың тамызынан Энергетика министрі қызметін атқарған  Владимир Школьникті білесіздер, неше мәрте министр болды, ұмытпай айтатын деталь - "Қазатомпром" ұлттық компаниясын 5 жыл басқарғаны...

«Нұр Отан» партиясының тізімі бойынша Парламент Мәжілісіне депутат болып енген және оның Төрағасы болып сайланған Бақтықожа Ізмұхамбетовтің орнына Атырау облысының әкімі болып бүгін Батыс Қазақстан облысының әкімі Нұрлан Ноғаев тағайындалды.

Жаңа басшыны облыс активіне премьер-министр Кәрім Мәсімов таныстырды. Нұрлан Ноғаевты «мұнай-газ саласында тәжірибелі» деп мақтап қойды. Ал аймақ тұрғындары жаңа әкімге облыстың автокөлік жолдарын жөндеп, батпақпен күресуге кеңес берді...

Батыс Қазақстан облысының әкімі болып Алтай Күлгенов тағайындалды. Оны да Премьер-министр таныстырды. Алтай Күлгенов Орал қаласының әкімі болған. 1978 жылы дүниеге келген. «Болашақ» бағдарламасы бойынша білім алған.