$494.87 €520.65 ₽4.91
×

«Нұр Отан» партиясы "NurOtanTrends" атты жаңа жобаны қолға алды

AstanaTV
14.05.2018ж. 20:00
2379
«Нұр Отан» партиясы "NurOtanTrends" атты жаңа жобаны қолға алды

Қазақстанда несие үстемесі неге жоғары? Бүгін нұротандықтар осы сұрақтың жауабын білуге тырысты. Партия "#NurOtanTrends" атты жаңа жобаны қолға алды. Онда қоғамдағы өзекті әрі маңызды мәселелер ашық талқыланып, шешу жолдары қарастырылады. Бүгін партия Төрағасының Бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаевтың қатысуымен жобаның тұсаукесер кездесуі өтті. Қатысушылар тақырыпты жан-жақты сараптап, көтерілген мәселеге қатысты өз пікірлерін білдірді. Белгілі экономист Рахым Ошақбаевтың модераторлығымен өткен іс-шара Facebook әлеуметтік желісінде тікелей эфирде көрсетілді. 

Рахым Ошақбаев, "Талап" зерттеулер орталығының директоры:

Әлбетте, мұндай мәселенің "Нұр Отан" партиясы алаңында қозғалуы аса маңызды. Айтылған болжамдар мен ұсыныстар мемлекеттің саясаты ретінде іске асу мүмкіндігі жоғары екенін білдіреді.

«Нұр Отан» партиясының бастамасымен қолға алынған жобаның бүгінгі тақырыбы шын мәнінде өзекті. Себебі әлі күнге дейін еліміздегі банк секторы 2007 жылғы қаржы дағдарысының салдарын толық жоя алмай келеді. Кейбір жекелеген қаржы институттары айтарлықтай келеңсіздіктерге тап болып, жұмысын тоқтатуға мәжбүр болғанын білеміз. Осыған орай мемлекет тарапынан бұл салаға қаржылай қолдау көрсету тұрақты жүргізілуде. Соған қарамастан, елімізде несие көлемі ұлғаймай, 2015 жылғы деңгейде қалып отыр. Несие үстемесі де өте жоғары.