Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Ақтөбеде оқушы өліміне қатысты сараптаманың қорытындысы шықты

AstanaTV
14.05.2018ж. 20:00
2629
Ақтөбеде оқушы өліміне қатысты сараптаманың қорытындысы шықты

Ақтөбеде оқушының жұмбақ өліміне қатысты сараптаманың қорытындысы шықты. «10 жастағы қыздың қазасынан ешқандай заң бұзушылық әрекеттер іздеудің жөні жоқ». Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиев осылай деп мәлімдеді.

Әсет Қалиев, Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

Өкінішке орай, біздің дәрігерлер, біздің медицина қызметкерлерінің көмегіне қарамастан, баладан айрылып қалдық. Сараптама жүргізілді. Ол кезде сырттан әсер ету, криминалды, ондай еш нәрсе анықталған жоқ. Негізгі себебі - кенеттен жүректің тоқтауы деп беріп отыр. Өкінішке орай, өте сирек кездеседі.

Еске салайық, 10 сәуірде Ақтөбедегі мектептердің бірінде оқушының сабақ үстінде кенеттен жағдайы нашарлап, қайтыс болған еді. Мұғалімдер сол мезетте жедел жәрдем шақырып, мейірбике алғашқы медициналық көмекті көрсеткен. Алайда ақ халаттылар оны ажалдан арашалап қала алмады. Бұл оқиғадан соң марқұмның анасы: «Дәрігерлер дер кезінде көмек көрсетпеді», - деген болатын. Бала өліміне қатысты сараптама тағайындалған. Оның нәтижесі бойынша, оқушының өліміне жүрегінің кенеттен тоқтап қалуы себеп болған көрінеді. Облыстың бас дәрігері бұл өте сирек болатын жағдай екенін айтады.