$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Республикалық бюджетке түсіп жатқан салық көлемі азайды

AstanaTV
23.05.2018ж. 20:00
2355
Республикалық бюджетке түсіп жатқан салық көлемі азайды

Ресупбликалық бюджетке түсіп жатқан салық көлемі азайып кеткен. Бұл туралы Сенатта бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрайымы Наталья Годунова мәлімдеді. Оның айтуынша, Салық кодексіне өзгерістер енгізіп, ірі салық төлеушілерді анықтау әдісін қайта қарау керек. Өйткені кейбір алпауыт компаниялар мемлекеттік органдардың бақылауынан шет қалып отыр.

Наталья Годунова, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрайымы:

Салықтық түсімдердің азайғаны байқалады. 2013 жылы 68 пайыз болса, 2017 жылы 50 пайызға дейін кеміді. Бұл әлемде мұнай құны 37 долларға дейін түсіп кеткен 2015 жылғы дағдарыс кезіндегі көрсеткіштен де аз. Ал жылына миллиардтап салық төлейтін алпауыт кәсіпорындар, ірі салық төлеуші дейтін талаптарға сай келмей, бақылаушы органдардың назарынан тыс қалып отыр.