Спорт Қазақстан
$448.89 €477.93 ₽4.76
×

Мәжіліс "Сайлау туралы заңға" бірқатар өзгерістер енгізу мәселесін қарады

AstanaTV
23.05.2018ж. 20:00
2675
Мәжіліс "Сайлау туралы заңға" бірқатар өзгерістер енгізу мәселесін қарады

Ауыл әкімдерін тұрғылықты халық сайлайды. Бүгін Мәжіліс "Сайлау туралы заңға" бірқатар өзгерістер енгізу мәселесін қарады. Әкімдер 4 жыл мерзімге сайланады. Және әр кандидатты белгілі бір партия ұсынуы тиіс. Ол үшін үміткерге партия мүшесі болу міндетті емес. Сайлау барлық талаптарға сай өтеді.

Азат Перуашев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, "Ақ жол" фракциясының жетекшісі:

Өзін ұсынған жалғызілікті адамның орнына жүйелі, жоспарлы ұйымдастырылған лайықты сайлау өтеді. Дон-кихоттар мен эмоционалды эпатажды кейіпкерлер  уақыты аяқталды. Олар ірі саяси ұйымдармен, ауқымды жұмыстармен алмасады.

Сондай-ақ мәслихат депутатарын сайлау тәртібі де өзгереді. Ол тура Парламент Мәжілісінің сайлауы сияқты өтеді. Яғни 7 пайыздан артық дауыс жинаған партия мүшелері мәслихат депутаты болып сайланады.