Спорт Қазақстан
$448.56 €478.03 ₽4.79
×

АЭФ спикерлері президент ұсынған 5 мегатрендке тоқталды

AstanaTV
18.05.2018ж. 20:00
1805
АЭФ спикерлері президент ұсынған 5 мегатрендке тоқталды

Барлық бастама өзекті әрі дер кезінде айтылды. Астана экономикалық форумына қатысқан басты спикерлер президент Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған кешенді 5 мегатренд туралы осындай пікір білдірді. Яғни бұл бастамалар энергия, ресурстар, адам және білім сынды қоғамның барлық тұсын қамтиды. Мемлекет басшысы қазіргі экономикалық жағдайға орай, барша адамзат ұмтылуға тиісті өзекті мәселелерді қамтыған, - дейді Митио Каку. Ал Дүниежүзілік банк сарапшысы Ханс Тиммер экономиканы цифрландыруға кеңінен тоқталды. Оның пікірінше, ерте ме, кеш пе, барлық мемлекеттер осыған келеді. 

Ханс Тиммер,  Дүниежүзілік банктің бас экономисті: 

Мен 5 трендтің ішінен цифрлы революцияны атар едім. Бұл қазіргі өндірісті түбегейлі өзгертеді. Цифрландыру соңғы 200 жылда, ғылыми-техникалық революциядан бергі қалыптасқан барлық жағдайды өзге бағытқа алмастырады. Мәселен, 1 ірі зауыттың орнына, 1 шағын компания жұмыс істеуі мүмкін.