Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Астана экономикалық форумында азаматтық қоғам институттарының ролі көтерілді

AstanaTV
18.05.2018ж. 20:00
2628
Астана экономикалық форумында азаматтық қоғам институттарының ролі көтерілді

АЭФ-та азаматтық қоғам институттарының рөлі көтерілді. lobal Challenges Summit-2018 форумы аясында «Азаматтық қоғамның болашағы. Жаңа азаматтық белсенділік» тақырыбында сессия өтті. Жиында Дін істері және азаматтық қоғам министрі Дархан Кәлетаев Қазақстандағы азаматтық қоғамның дамуы жөнінде бірқатар өзекті мәселелерге тоқталды. Министрдің айтуынша, әлеуметтік желілер мен интернет біз үшін азаматтық белсенділіктің виртуалды түрін ашты. Осы арқылы әрбір адам мемлекеттік бастамалар мен қоғамдық мәселелерді талқылауға қатыса алады.

Дархан Кәлетаев, ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі:

Цифрландыру, энергетикалық революция, жер шарындағы тұрғындар санының жылдам өсуі, урбанизация қарқыны мен сипатының және жаһандық еңбек нарығының өзгеруі бар. Бұл ретте, Астана экономикалық форумы аясында біз азаматтық қоғамның келешегіне көз салуды жөн санадық.

Министр азаматтық қоғам жаңа трансформацияның қозғаушы күші болуы қажет екендігін атап өтті. Бұл үшін білім алуды жақсарту, жаңа дағдылар мен біліктілікті дамыту қажет. Қарым-қатынас мәдениетін және коммуникацияны жетілдіру де маңызды. Шара барысында үкіметтік емес ұйымдардың, әлеуметтік кәсіпкерлік пен азаматтық белсенділіктің заманауи даму трендтері туралы танымал сарапшылар сөз сөйледі.