Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

RBK Bank активтерін қайтару бойынша қылмыстық іс қозғалды

AstanaTV
21.05.2018ж. 20:00
2345
RBK Bank активтерін қайтару бойынша қылмыстық іс қозғалды

Құқық қорғау органдары RBK банктің активтерін қайтару бойынша қылмыстық іс қозғады. Бұл туралы қаржы институтының баспасөз қызметі ақпар таратып отыр. Еске салайық, өткен жылы желтоқсанда аталған банк күмәнді активтерінің 603 миллиард теңгесін жауапкершілігі шектеулі серіктестікке аударған. Ал осы серіктестік қаржыны қайтару бойынша жұмыстар жүргізуі тиіс болатын. 

Жұмыс аясында активтерді қайтару бойынша Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары бірнеше қылмыстық іс қозғады. Қазір ол бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Осыған байланысты RBK банкі өкілдерінің қандай да бір ақпарат беруге құқы жоқ. Тергеу амалдары аяқталғанша банк ешқандай мәлімет бермейді.

Бұған дейін "RBK Bank " директорлар кеңесі төрағасының экс-кеңесшісі Жомарт Ертаевтың Мәскеуде ұсталғаны туралы ақпар тараған. ІІМ-нің ақпаратынша ол 80 миллион доллар қаражатты жалған компанияларға несие ретінде беруге ықпал жасаған. Сондай-ақ аса ірі мөлшерде қаржы жымқырғаны үшін халықаралық іздеуде болған. Ертаев 2009-шы жылы да қаржылық есеп берудегі заңсыз әрекеті үшін сотталған. Алайда 9 ай тергеу изоляторында отырған ол, ірі мөлшерде айыппұл төлеген соң,  бостандыққа шықты.