Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Швеция құрамасы осымен екінші рет хоккейден әлем чемпионы атанды

AstanaTV
21.05.2018ж. 20:00
2185
Швеция құрамасы осымен екінші рет хоккейден әлем чемпионы атанды

Швеция құрамасы хоккейден әлем чемпионы титулын сақтап қалды. Шешуші матч Швейцарияға қарсы өткен болатын. Негізгі уақыт 2:2 есебімен аяқталған. Қосымша уақытта да жанкүйерлер қақпаға соғылған голды тамашалай алған жоқ. Ойын тағдыры тек буллит сериясында анықталды. Осылайша Швеция чемпион, Швейцария күміс, ал, қоланы АҚШ құрамасы иемденіп отыр.



Лионель Месси тағы бір рекорд орнатты. Ол маусым қортындысы бойынша алтын бутсыды иемденіп отыр. Бұл осымен 5-ші марапат. Осыған дейін 5 мәрте ең жоғарғы футбол марапатына ие болған ешкім жоқ. Испания чемпионатында өткен 36 ойында аргентиналық 34 гол соққан. Ал, «Ливерпуль ойыншысы» Мохамед Салах болса 32 гол, «Тоттенхем» ойыншысы Харри Кейн 30 рет мергендігімен танылған.



«Астана» велоклубының капитаны джироның 15-ші кезеңі бойынша жақсы нәтиже көрсетті. Мигель Анхель Лопес Том Дюмуленді басып озып, мәре сызығын екінші болып өткен. Жарыста топ жарған Саймон Йейтстен колумбиялық 41 секундқа кейін қалып отыр. Қазір Лопес 5-ші сатыға көтерілді.