Спорт Қазақстан
$445.66 €474.58 ₽4.78
×

Ақтөбеде қоғамдық көліктің жүргізушісін пышақтап, кондукторды соққыға жыққан күдікті ұсталды

AstanaTV
21.05.2018ж. 20:00
2039
Ақтөбеде қоғамдық көліктің жүргізушісін пышақтап, кондукторды соққыға жыққан күдікті ұсталды

Ақтөбеде автобус жүргізушісіне суық қарумен шабуыл жасаған күдікті ұсталды. Бұл туралы облыстық ІІД ақпарат таратты. Кешкісін шахардағы №26 бағыт бойынша қатынайтын автобусқа екі жігіт мініп, жолаушыларға тиісе бастаған. Сонан соң  кондукторды таяққа жығып,  жүргізушіні пышақпен жаралаған. Көлік салонындағылар жедел жәрдем мен полиция шақырады. Алайда күдіктілер оқиға орнынан қашып кеткен. «Автопарк» серіктестігінің қызметкері Руслан Жылқамановтың айтуынша, Ақтөбеде мұндай жағдай бірінші рет тіркеліп отыр. Жараланған  жүргізушінің жағдайы қалыпты.

Руслан Жылқаманов, «Автопарк» ЖШС бөлім басшысы:

Біз ойлаймыз, бұл өте қауіпті жағдай деп. Қоғамдық көліктерге сондай адамдар мініп жүргеніне. Оған  назар аудару керек. Ол жігіт, жүргізуші, жұмыс істеп келе жатқанына осы мамырда екі жыл болып жатыр. Ешқандай жұмыс тәртібін бұзып көрмеген бұрын.