2019
жылға қарай медициналық қызметкерлердің білімін бағалау толығымен мемлекет
бақылауынан шығарылады. Бұл жөнінде Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму
вице-министрі мәлімдеді. Яғни қызметкерлердің білімін бағалаудың
тәуелсіз жүйесі енгізіледі.
Қысқасы,
кәсіби медициналық ұйымдар өз әріптестерін өздері бағалайды. Вице-министрдің
айтуынша, денсаулық сақтау жүйесін әрі қарай реформалау арқылы халық сапалы
медициналық қызметтерге қол жеткізеді.
Елжан
Біртанов, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі:
Халықтың
сұранысына қарай кадрлық ресурстарды жоспарлау жүйесін жетілдірмекпіз. Кәсіби
қауымдастықтар мен үкіметтік емес ұйымдардардың өкілдерін шақырып, медициналық
қызметкерлердің білімі мен дағдыларын тәуелсіз бағалау арқылы адами ресурстарды
басқару жүзеге асырылады.
Ләйлә
ҚАЗИАҚПАРОВА