Ұлттық бірыңғай тестілеу өтетін 500-ден астам аудитория мобильді құрылғылардың қызметіне тосқауыл болатын 4G стандартымен жабдықталмаған. Үкімет отырысында білім және ғылым министрі әкімдіктерге сынақ өтетін кабинеттерді камера, металл іздеуші құрылғылар және ұялы байланыс қызметін шектейтін құрылғылармен толық қамтамасыз етуді сұрады. Ақпанда қажетті техникамен жабдықтау көрсеткіші 67 пайызды құраған. Ұлттық бірыңғай тестілеу форматы өзгеріссіз, былтырғы форматқа сай өткізіледі. Сынақ мерзімі мен тест сұрақтарының саны да сол қалпы, тестілеу 20 маусым мен 1 шілде аралығында өтеді. ҰБТ тапсыруға 102 442 оқушы немесе жалпы бітірушілердің 70 пайызы өтініш берген. Бұл былтырғымен салыстырғанда 10 мыңға артық.
Ерлан Сағадиев, ҚР Білім және ғылым министрі:
Тест
сұрақтарының саны 120. Максималды бал 140, шектік бал - 50, ЖОО-на түсу үшін 65
бал жинау қажет. Бүгінгі күнге барлық ҰБТ пәндері бойынша тест сұрақтарының
базасы қалыптасқан. Осы жылы тест сұрақтарының базасы 50 пайызға жаңартылды.