Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Алматыда кітапхана жанынан «Білім орталығы» ашылды

AstanaTV
23.05.2018ж. 20:00
6971
Алматыда кітапхана жанынан «Білім орталығы» ашылды

Алматыда Жамбыл атындағы жасөспірімдер кітапханасында білім орталығы іске қосылды. Бастама «Нұр Отан» партиясының «Қазақстан кітапханалары - заманауи білім орталықтары» жобасы аясында қолға алынды. Қызылордада дәл осы жоба аясында кітапханашылар бас қосты. Ал Маңғыстау облысындағы ауыл мектептерінің бірінен ІТ-сынып ашылды. ІТ мамандар даярлау ісі - партияның 20-дан астам бастамасының бірі. Толығырық келісі бейнематериалда.

Алғашқы білім орталығын ашу үшін жасөспірімдер кітапханасының таңдалуы тегін емес. Бұл ғимаратта күрделі жөндеу жүргізіліп, ақпараттық технологияның жетістіктерімен жабдықталған. Бұл жерге күніне шамамен 500-ге жуық жас ізденуші келеді, - дейді кітапханашылар. Жастарды кітап оқуға жұмылдыратын бұл бастаманы ғалымдар, саясаттанушылар мен өзге де зиялы қауым өкілдері қолдап отыр. Олар апта сайын кітапхана келушілеріне арнайы дәріс бермек.

Қайыммұнар ТӘБЕЕВ, «Нұр отан» партиясы Алматы қалалық филиалының бөлім меңгерушісі:

Осы орталықта олар кітап әлемімен танысады, осында өздерін мазалап жүрген әртүрлі сұрақтарға белгілі мамандар арқылы, саясаткерлер, зерттеушілер, ғалымдардың арнайы      келуімен, осы саулдарына жауап ал алады. Біз бүгін осы орталықтың ашылуына орай бірқатар үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілерін де шақырып отырмыз. Жастар өйткені      жан-жақты болуы керек.  

Партияның Қызылордадағы белсенділері кітапханашылардың басын қосты. «Кітапханада жайлы ақпараттық орта қалыптастыру: жаңаша мүмкіндіктер» тақырыбында семинар өткізіп, тың бастаманы түсіндірді. Білім нысандары заманауи білім орталығы ретінде қайта құрылып, кітап қорының электронды нұсқалары дайындалмақ. Осылайша мектептер мен университеттердегі кітапханаларды біріңғай онлайн жүйеге қосу көзделген.

Ибадулла Құттықожаев,  "Нұр Отан" партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары:

Жастарды цифрландыру саласымен олардың білімін жетілдіру бағытындағы жұмысты алсақ, Қызылорда қаласы мен аудандарда 9 ІТ-парк сыныптары ашылуы тиіс. Осы компьютерлер арқылы олар бағдарлама жасап, түрлі жобалар жасанды интеллект, робототехника саласында көптеген мәлімет ала отырып, жеке жұмыс істеуге мүмкіндік алады.

Ал Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданындағы лицей оқушылары бүгін көптен күткен арманына қол жеткізді. Компьютерлік сынып ашылғанына олар өте қуанышты. Енді  жеткіншектер жазғы демалысты тиімді пайдалана алады, - дейді ұстаздар.

Гүлназ Елжанова, информатика пәнінің мұғалімі:

8-бен 12 жас аралығындағы оқушылар скрейч бағдарламасымен мультфильм, анимация, ойындар жасап үйренеді. 13 пен 16 жастағы балалар питон бағдарламасымен веб-сайт жасауды үйренеді.

Биыл Маңғыстау облысында 35 ІТ сынып, 1 ІТ мектеп ашу жоспарланып отыр. Бұған дейін мұндай сыныптар Түпқараған және Қарақия аудандарында ашылыпты.