$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Ерекше атриумда көне жәдігерлердің бірнеше түрін кездестіресіз

AstanaTV
29.05.2018ж. 20:00
2769
Ерекше атриумда көне жәдігерлердің бірнеше түрін кездестіресіз

Астанада ерекше атриум ашылды. Мұнда көне жәдігерлердің бірнеше түрі бар. Еуразия ұлттық университетіндегі көне артефактілер көрмесінде 4 дәуірге саяхат жасауға болады. Мұнда сақтар, ғұндар, түркілер және қазақ хандығы тұсында қолданылған 60-қа жуық жәдігер қойылған. Олардың арасында киімдер, тұрмыстық заттар, зергерлік бұйымдар, әскери қару-жарақтар мен петроглифтер бар. Музыкалық аспаптардың түр-түрін кездестіресіз. Келушілер аса құнды олжаларды көзімен көре алады. Мәселен, бірнеше ғасыр бұрын ата-бабаларымыз тұтынған алтын кесе, құлып, ер-тұрман және тағы басқа жәдігерлерді тамашалуға мүмкіндік бар. 

Қаржаубай Сартқожа, Түркітану ғылымдары институтының директоры:

Ғұндардың  ерекшелігі неде? Ғұндардың мемлекеттілігі қандай болды?  Соны көрсетуді ойладық.  Ғүндардың әскерилері қандай болды? Ғұндардың ханы, оның хроносы дейміз ғой, тәжісі қандай болды - осыдан бастап көрсетуді ойладық.