Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Астана халқы саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алды

AstanaTV
31.05.2018ж. 20:00
3389
Астана халқы саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алды

Астана халқы да 30-шы жылдардағы аштық пен қуғын-сүргін құрбандарын еске алып жатыр. Шахардағы монумент кешенінің маңы қобыздың қоңыр үніне бөленген. Аласапыран жылдарың құрбанына айналған боздақтардың ұрпақтары мен туыстары, қоғам қайраткерлері жиналған. Олар ескерткішке гүл шоқтарын қойды. Жазықсыз жапа шеккендерді үнсіз еске алды. «Ұрпақтар сабақтастығы» акциясы аясындағы шараға «Нұр Отан» партиясы бастамашы болған.

Фархад Қуанғанов, «Нұр Отан» партиясының хатшысы: 

Бүгін 20 ғасырдың қатыгез саясатының нәтижесінде қуғынға ұшыраған аштықтан қаза тапқан миллиондаған отандастарымызды еске алу және қайғыру күні. Қазақстанға жер аударылған басқа этникалық топтардың миллиондаған өкілдері туралы да айтқымыз келеді. Еске алу шаралары зорлық-зомбылық ешқашан қайталанбауы керек екенін еске салады.

Қазақ зиялыларының көрнекті өкілі, мемлекет қайраткері Сәкен Сейфуллин де - саяси  репрессия құрбандарының бірі. 1938 жылдың сәуірінде халық жауы ретінде ату жазасына кесілді. Бүгін Астанадағы Сейфуллин атындағы мұражайда да саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу шарасы өтті. Жоғарғы оқу орындарының студенттері үшін экскурсия ұйымдастырылған. Балалар қайраткердің өмірімен танысты, өзі қолданған жеке заттарын көруге мүмкіндік алды.