Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×
Реклама на сайте

Астананың 20 жылдық мерейтойына 1 миллионға жуық мейман келеді - Исекешев

AstanaTV
31.05.2018ж. 20:00
2606
Астананың 20 жылдық мерейтойына 1 миллионға жуық мейман келеді - Исекешев

Елордада биыл жол жүру құны тек карта қолданушылары үшін сол күйінде сақталып қалады. Бұл туралы орталық коммуникация қызметі алаңында Астана әкімі Әсет Исекешев мәлімдеді. Яғни Астанада автобустардың жолақысына дифференциалды тариф енгізіледі. Осыдан біраз уақыт бұрын жол жүру бағасы 200 теңге болады деген ақпар тарағаны белгілі. Исекешевтің айтуынша, бұл сұрақ әзірге ұсыныс ретінде қаралып жатқан көрінеді.

Әсет Исекешев, Астана қаласының әкімі:

Автопарктер бағаны 300, 500 теңгеге көтеруді ұсынғаны белгілі. Бірақ біз ең төмен мөлшерді алдық - ол 200 теңгенің төңірегі. Бұл арқылы жанар-жағармайды сатып алу мен жұмысшылардың жалақысын көтеру, көліктер паркін жаңартуды қамтамасыз ету жоспарда бар.

Астанада алдағы үш жылда 27 мектеп бой көтереді. Тағы 10 мектептің жанынан қосымша ғимарат салу көзделген. Ал екі жылдың көлемінде қала маңындағы аумақтарды толығымен асфальттандыру жұмыстары жүргізіледі. Жаңадан 91 көше салынады. Шахардың шеткері аймағында 70 көше жөнделеді. «Туған жер» бағдарламасы аясында халықаралық деңгейдегі жаттығу орталығыnа демеушілер есебінен 1,7 миллиард теңге тартылады.