Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

ШҚО-да дарынды оқушыларға «Нұр Отан» партиясы велосипед сыйлады

AstanaTV
01.06.2018ж. 20:00
2432
ШҚО-да дарынды оқушыларға «Нұр Отан» партиясы велосипед сыйлады

«Нұр Отан» партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалы дарынды оқушылар мен тұрмысы төмен отбасы балаларына тарту жасады. Роботтар мен ойыншықтар, кітаптар мен түрлі тәттілерге ие болғандар арасында олимпиада жеңімпаздары бар. Спорттың сан түрінен топ жарған балғындар да тарту-таралғысыз қалмады. Өнерлі жеткіншектер музыка мен сурет өнері, өзге де сүйікті ісі туралы баяндады. Бірнеше секундта кубик-рубикті жинаған оқушы мен кедергілерге тоқтамай, діттеген жерге жететін робот құрастырған баланың талантына жиналғандар тәнті болды. Бұл шара «Нұр Отан - балаларға!» республикалық партиялық акциясы аясында өтті.

Аяулым Уәлиханова, қатысушы:

Мен велосипедті кішкентай кезімнен бері армандағам. Негізі менде болған, бірақ та ол өте кішкентай және де осындай тежегіші бар велосипедті армандағам.

Өскемендік балғындар қала сыртындағы сауықтыру лагерлерінде жазғы демалыстарын көңілді өткізбек. Ал жалпы Қазақстан бойынша жеткіншектерге арналған жазғы лагерьлер жұмысы қалай ұйымдастырылды? Бұл туралы материалды ертең кешкі сағат 20.00-де «Біздің уақыт» ақпараттық сараптамалық бағдарламасынан көре аласыздар. Өткізіп алмаңыздар.