$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Демалыс күндері тұрақсыз ауа-райы сақталады

AstanaTV
01.06.2018ж. 20:00
3486
Демалыс күндері тұрақсыз ауа-райы сақталады

Елімізге қашан жаз келеді? Бұл туралы бүгін синоптиктер айтты. Алдағы демалыс күндері  басым аймақтарда тұрақсыз ауа-райы сақталады. Жауын жауып, қатты жел болады деп күтілуде. Ауа температурасы еліміздің  солтүстік және орталық облыстарда 2 мен 9 градус аралығында жылы болады. Ал кейбір аймақтарда сынап бағанасы минус 2-ге дейін түседі. Синоптиктер тамылжыған ыстық күндер жақын арада болмайды деп болжады. Маусым айында ыстық пен суық ауа райы кезектесіп тұрады. Келесі аптаның ортасына қарай күн ептеп жылынады. 

Айгүл Мыңжанова, «Қазгидромет» РМК жетекші-инженері:

Орталық Азиядан жылы ауа массасының жылжуына орай, кәдімгідей жазғы, ашық ыстық ауа райы күтіледі. Қазақстанның солтүстігінде температура көтеріліп, 28 дейін, ал оңтүстікте 38 дейін ыстық болады.