Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

Жұмадағы мәлімет бойынша 55 адам менингокок инфекциясын жұқтырған...

AstanaTV
02.06.2018ж. 20:00
1875
Жұмадағы мәлімет бойынша 55 адам менингокок инфекциясын жұқтырған...
   

Соңғы күндердегі ақпараттарға сай, Талдықорғанда 2 жас 8 айдағы қыз бала менингиттен көз жұмған, Ақмола облысында 10 айлық сәби «сол инфекцияны жұқтырған» деген күдікпен Көкшетауға жеткізілген. Ал Қызылорда облысында менингококты инфекция белгілерімен ауруханаға түскен науқастың жағдайы ауыр, деп отыр денсаулық сақтау басқармасының өкілдері. 27 жастағы жігіт Жаңақорған аудандық ауруханасында жатыр. Науқаспен қарым-қатынаста болған туған-туыстары мен әріптестері жалпы саны 15 адам бақылауға алынған. Тіпті отбасының тағы бір мүшесі аудандық ауруханаға жатқызылыпты.  

Жақсылық Әбдусаметов, Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:

Жағдайы ауыр тұрақты болып бағаланып отыр қазіргі таңда. Кешегі күні жағдайының нашарлығының алдын алу мақсатында жасанды демалу аппаратына қосылған болатын. Бірақ жағдайының тұрақтылғанына байланысты қазіргі таңда өзі демалып жатыр.

Астанада да «менингокок инфекциясын жұқтырған» деп, бір балақай ауруханаға жатқызылған, әйтеуір дәрігерлер «бала өмір сүреді», деді. Себебі ата-анасы уақытында қимылдаған. Бұл, Астанада балалар арасында жыл басынан бері тіркелген бірінші жағдай. Алайдаәлеуметтік желілер арқылы неше түрлі абыржытып тастайтын хабар тоқтар емес.Бірақинфекцияның тарауы және одан көз жұму туралы қайта-қайта шығатын ресми ақпаратқа байланысты да медицина саласының шенеуіктері дүрбелеңге түспеуге шақырып отыр. «Эпидемия емес» дейді. Дегенмен Алматыда екі аптаға дейін ірі спорттық және мәдени-көпшілік шаралар тоқтатылды. Мамандар адам көп жүретін жерлерге, бассейнге бармауды айтады. Ал Көлік және коммуникациялар академиясының менингиттен қаза тапқан студенті дәрігерлік көмекке өте кеш жүгінген көрінеді... Негізі, менингиттің адамды адастыратыны – кейде суық тигендегі сияқты симптомдармен дамитыны. Әсіресе балаларда. Сондықтан осыны ескеру керек. 29-мамырда Денсаулық сақтау министрлігінің қоғамдық денсаулық қорғау комитетінің төрағасы Жандарбек Бекшин былтыр елімізде 62 адамның менингокок инфекциясын жұқтырып, 6 –ы қаза тапқанын айтты. Алдында «11 адам өлді» деген болатын. Ал жыл басынан бері 8 адам көз жұмған. Тоқталатыны - бұл ауруға қарсы екпе міндетті вакциналау жоспарына кірмейді. Ал ақылы екпе 22 мың мен 30 мың теңгенің аралығында. Кеше Денсаулық сақтау министрі де «эпидемия емес, бірақ сақтану керек», деді. Алматыда балалар лагерлерін әзірге ашпауды, мешіттердің ішін қайта-қайта желдетіп тұруды айтты. Жұмадағы мәлімет бойынша 55 адам менингокок инфекциясын жұқтырған.