Қызылорда
облысында 1 депутаттық мандатқа үш үміткер таласады. Бұл туралы облыстық сайлау
комиссиясының төрағасы айтты. Аймақ бойынша 147 депутаттық орынға 460 үміткер
тіркелген. Барлық кандидаттардың 312-сі өзін өзі ұсынса, 148-і саяси партиялар
атынан сынға түспек.
Облыстық сайлау комиссиясының дерегінше, тіркелген үміткерлердің 396-сы жоғары
білімді, басым бөлігі - мұғалімдер. Қалғандары инженерлер, дәрігерлер, заңгерлер
мен ауыл шаруашылығы мамандары. Он сегіз кандидаттың орта білімі болса, тоғыз
кандидат уақытша жұмыссыз. Облыста тіркелген кандидаттардың ең жасы 22-де. Ең
егде үміткер 69 жаста. Ал сайлау күні аймақта 350 сайлау учаскесі жұмыс
істейді.
Абайбек
Жүнісов, Қызылорда облыстық сайлау комиссиясының төрағасы:
Құқық
бұзушылық фактілері тіркелген жоқ. Бірақ бүгін мәжілісті үйымдастырып отырған
мақсатымыз - осы сайлауалды науқан кезінде жұмыстардың заңнамалық талаптарға сай
жүргізілуі, осы құқық бұзушылық фактілірге жол бермеу, сонымен қатар
партиялардың өзара түсіністікпен жұмыс жасауы, бір-бірімен арасында болмайтын
технологияларды пайдаланбау.
Шарипа САҚТАПОВА