$489.36 €533.45 ₽4.99
×

Қызылжарда мектеп асханалары мен сауда орталықтарында қолдану мерзімі өткен азықтар болуы мүмкін

AstanaTV
26.02.2016ж. 20:00
1180
Қызылжарда мектеп асханалары мен сауда орталықтарында қолдану мерзімі өткен азықтар болуы мүмкін

Қызылжарда мектеп асханалары мен сауда орталықтарында қолдану мерзімі өткен азықтар болуы мүмкін. Өйткені жуырда қалада жасырын қойма табылды. Прокуратура мен полиция қызметкерлерінің тексерісі кезінде белгілі болғандай, үлкен қойманың ішінде тауардың қолдану мерзімін өзгертетін цех жұмыс істеген. Қазір құзырлы орган мамандары нысанның ішіндегі барлық тауарларды тексеріп, оның нақты қай мекемелерге таратылғанын анықтауда.

Алдын-ала берілген мәлімет бойынша, мерзімі өткен азық-түлікті қаладағы мектептер мен колледждер және ірі супермаркеттерге таратып келген. Прокуратура өкілі астыртын қойманың жыл басынан бері жұмыс істеп келгенін айтты. Кәсіпорын тек отандық өнімдерді  ғана емес, Қытай және Ресей тауарларын да өткізіп отырған. Қазір аталған дерекке сай, қылмыстық іс қозғалды.

Нұрлан Сапаров, Петропавл қаласы прокурорының орынбасары:

Бүгін ғана қоймаға тауар тиеген жүк көлігі келді. Тексере келе өнімнің Мәскеу қаласында жасалғанын анықтадық. Дайындалған уақыты - ақпанның жиырма бесі деп көрсетілген. Бүгін жасалған тауарды Мәскеуден Петропавлға дейін бір күнде жеткізу мүмкін емес. Кемінде 3 күн қажет. Демек, заңсыздыққа жол берілген болуы мүмкін.

Абзал ҚҰРМАНКИН