$448.39 €486.91 ₽5.83
×

Иран шектен шығуы мүмкін - Франция СІМ

AstanaTV
06.06.2018ж. 20:00
1540
Иран шектен шығуы мүмкін - Франция СІМ

Иран уран байыту қуатын арттыратын болса, шектен шығуы мүмкін. Франция сыртқы істер министрі Жан-Ив Ле Дриан Еуропа 1 радиостанцияға берген сұхбатында осылай деді. Ол Тегеранның бұл қадамы америкалықтардың жаңа санкциялар салуына әкелуі ғажап емес деп отыр. Дегенмен Франция "ядролық келісімде" қалуға ниетті. 

Жан-Ив Ле Дриан, Франция сыртқы істер министрі:

Иранның ядролық бағдарламаны жандандыру туралы мәлімдемесі негізсіз. Сондықтан "қызыл сызықтан" өту тәуекелі бар. Ирандықтар келісімді бұзса, жаңа санкциялар қыспағында қалуы мүмкін екенін түсінуі керек. Ал еуропалықтар қол қусырып отырмайды. Біз келісім күшінде қалғанын қалаймыз. Сол үшін жұмыс істеп жатырмыз.

Айта кетейік, АҚШ-тың "ядролық келісімнен" біржақты шығуынан кейін Иранның рухани көшбасшысы Али Хаменеи уран байыту ісін арттыруды тапсырған еді. Ақ үй басшысының бұл әрекетін еуропалық елдер құптамады. Дональд Трампты қолдап отырған жалғыз адам бар. Ол - Израиль премьері. Биньямин Нетаньяху Тегеранның ядролық қарудан бас тарту идеясын тек экономикалық санкциялар ғана тұншықтыра алады деген пікірде.  

orda

«Orda FM» радиосы

Бұл жақсы музыка, өзекті жаңалықтар, қызықты бағдарламалар мен еркеліктер толқыны
Онлайн тыңдау
AstanaTV жарнамасы

Телеграм-канал AstanaTV

Подпишитесь на наш телеграм-канал и будьте в курсе всех событий моментально . Участвуйте в различных розыгрышах