$511.22 €540.05 ₽4.73
×

АШМ Ресей Федерациясындағы қазақстандық сиыр етіне салынған тыйым жақын арада күшін жояды деп үміттенеді

AstanaTV
23.05.2016ж. 20:00
1813
АШМ Ресей Федерациясындағы қазақстандық сиыр етіне салынған тыйым жақын арада күшін жояды деп үміттенеді

Ауыл шаруашылығы министрлігі Ресей Федерациясындағы қазақстандық сиыр етіне салынған тыйым жақын арада күшін жояды деп үміттенеді. Естеріңізге сала кетсек, ағымдағы айдың 13-ші жұлдызында көрші елдің ветеринарлық және санитарлық қадағалау қызметі қазақстандық етті шикілей сатып алуды тоқтату туралы шешім қабылдаған болатын. Оған себеп Ақтөбе, Қарағанды және Атырау облыстарындағы ірі қараның пастереллез ауруына шалдығуы.

Өткен айда тек Ақтөбе облысының Әлия ауылының өзінде дерт жұқтырған 13 сиыр өлген. Республика бойынша 626 бас ірі-қара мал ет комбинатына тапсырылған. Ауыл шаруашылығы министрлігі өкілдері ресейлік әріптестеріне тиісті сынама қорытындыларын жөнелттік дейді. Екі жақ келіссөздер жүргізе отырып, жақын арада ортақ шешімге келуге мүдделі.

Олжас Аусабаев, ҚР АШМ тамақ өнімдері және орны ауыстырылатын объектілер қауіпсіздігі басқармасының жетекшісі:

Қазіргі таңда министрлік тарапынан мамандар келіссөздерге шығып, Мәскеу қаласына барып, келіссөздерге барып келді. Оның нәтижелелері бойынша Қазақстан тарапы эпизотиялық тәркілеу материалдарын қосымша жіберуге келісті. Оны қарастырғаннан кейін Ресей тарапы тиымды алу бойынша шешімді қабылдауға келісті.

Мансұр ЕСҚОЖИН