Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары журналисттерді кәсіби мерекемен құттықтады

AstanaTV
26.06.2018ж. 20:00
3401
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары журналисттерді кәсіби мерекемен құттықтады

Журналисттер жүрген жерде ақпарат ашықтығы сақталып, бұқарамен байланыс күшейетінін ұмытпаған жөн. Бүгін тілшілерді кәсіби мерекесімен құттықтаған Парламент Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин осылай деді. Әдетте заң жобалары мен қызу талқылаулардың ортасына айналатын мәжіліс залы бүгін тілшілерге лық толды. Депутаттар креслосын журналисттер басты. «Парламент сөзі» байқауы бойынша үздік телесюжет, үздік мақала, үздік интернет басылымы сынды бірнеше номинация бойынша үздіктер марапатталды. Құттықтау сөзін алған төменгі палата төрағасы, ақпарат өкілдері халықтың айнасы екенін ескеріп, елге жететін жақсы жаңалықтар көп болса, деген тілегін білдірді.

Нұрлан Нығматулин, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы:

Халқымызда "сөз - халықтың айнасы" деген қанатты сөз бар. Әрине, сіздер - сол сөзбен қаламды ұстаған ақпарат өкілдері - ел айнасысыздар. Себебі Қазақстанның даму жолындағы барлық жаңалықтар мен өзгерістер баспасөз арқылы барлық елге, әлемге тарайды.