$491.7 €531.28 ₽5.07
×

Батыс Қазақстан облысында 70 жыл бойы жер астында жатқан снаряд табылды

AstanaTV
24.05.2016ж. 20:00
1557
Батыс Қазақстан облысында 70 жыл бойы жер астында жатқан снаряд табылды

Батыс Қазақстан облысының Жәнібек ауданында 70 жыл бойы жер астында жатқан снаряд табылды. Бұл Ұлы Отан соғысынан қалған қару болуы мүмкін. Жарылғыш затты магистральді су арнасын қазып жатқан тұрғындар тауып алған. Кейін бұл жер қоршауға алынып, кезекшілік ұйымдастырылыпты. Снарядтың ұзындығы 90 сантиметр, диаметрі - 20 сантиметр.

Айта кетелік, Сталинград майданының іргесінде болған Батыс Қазақстанның Жәнібек және Орда аудандары сол кезде соғыс жағдайында деп жарияланды. Неміс басқыншылары бомбаның астына алған бұл аудандарда ұзақ жылдар бойы жарылмай жатқан снарядтар да табылады. 2008 жылы табылған бомбаны ақтөбелік саперлер залалсыздандырған еді.

Асылай Ғұбашева, БҚО ІІД баспасөз қызметкері:

Су ішінде көп жатқан снарядты әбден тат басқан, ешқандай жазуы көрінбейді. Дегенмен бұл қарудың Ұлы Отан соғысынан қалған артиллериялық снаряд екендігі анықталды. Қазір осы дерекке байланысты аудандық ішкі істер бөлімі тергеу амалдарын жүргізуге кірісті. Ал снаряд арнайы мамандардың күшімен жойылатын болады. 

Еркін КАРИН