Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Сарапшылар мұнай бағасының баррелі 50 долларға құлдырайтынын жоққа шығармайды

AstanaTV
17.08.2018ж. 20:00
2693
Сарапшылар мұнай бағасының баррелі 50 долларға құлдырайтынын жоққа шығармайды

Мұнай бағасының баррелі 50 долларға дейін төмендеуі мүмкін. «Астана» арнасына сұқбат берген экономист Меруерт Мамұхтова осындай болжаммен бөлісті. Мұнай құнының арзандауы бірнеше фактор әсер етіп отыр.

Ол - АҚШ пен Қытай арасындағы сауда соғысы, Иранға қарсы санкция мен дамушы ел нарығынан капиталдардың шығарылуы. Нарық Ресейге салынар санкцияны да күтіп отыр. Бүгін де мұнай бағасы сәл әлсіреді. Brent 71 доллар шамасында болса, WTI 7 апта қатарынан арзандап отыр. Бұл соңғы 3 жылда болмаған жағдай. Қара алтын құнының арзандауына АҚШ энергетика министрлігінің мұнай қорының өскендігі туралы мәлімдемесі әсер етіп отыр. Ол 7 миллион баррельге дейін артқан. Меруерт Махмутова мұндайда мұнай қымбаттаймайды дейді. Саяси жағдайлардан қара алтын 50-60 долларға дейін төмендемек.

Меруерт Махмұтова, экономист:

Қытай экономикасының дамуы төмендеп жатса, онда, әрине, мұнай қажеттілігі төмендейді. Қытай АҚШ-тан кейін ең ірі жер жүзінде мұнайды пайдаланып отырған ел болып саналады. Және де ОПЕК-ке қосылып отырған елдер қазір мұнай өндірісін өсіріп, пайдаланыран айырылмауға тырысып жатыр. Және де Ресейдің, Иранның санкцияда қалуы мұнайға әсерін білдіріп отыр.