Алматының
орталығында тағы да алапат өрт. Қызыл жалын Розыбақиев пен Жамбыл көшелерінің
қиылысында орналасқан «Арагоста» деп аталатын түнгі клубтың ас бөлмесінен
тұтанған. Аумағы 1200 шаршы метрді шарпыған өрт ғимараттың күлін көкке ұшырды.
Өрт сөндірушілер онымен екі сағат арпалысты. Өрт сөндіру қызметі өртті
жапсарлас орналасқан көп қабатты тұрғын үйге жеткізбей сөндірді. Шырт ұйқыда
жатқан 40-тан астам тұрғын қауіпсіз жерге шығарылды. Өртті ауыздықтауға 80-нен
астам адам мен 20-ға жуық техника жұмылдырылған. Мамандар тілсіз жаудың неден
тұтанғанын анықтап жатыр.
Сандуғаш
Баймұхамбетова, Алматы қаласы ТЖД ресми өкілі:
Өртенген
ғимараттан 3 газ және 2 көмірқышқыл газымен толтырылған баллондар сыртқа шығарылды. Зардап шеккендер жоқ. Қазір өрттің шығу себептері анықталуда.
Айта
кетейік, мамырдың 10-ында Алматыдағы «Юбилейный» кешеніндегі дәмханада да өрт
шығып, 20-ға жуық пәтердің тұрғындары далада қалған болатын.
Ришат АСҚАРБЕКҰЛЫ