Спорт Қазақстан
$448.89 €477.93 ₽4.76
×

Жаңа партиялық жобалар моноқалаларды дамытуға үлес қосып жатыр

AstanaTV
16.07.2018ж. 20:00
2886
Жаңа партиялық жобалар моноқалаларды дамытуға үлес қосып жатыр

Жаңа партиялық жобалар моноқалаларды дамытуға үлес қосып жатыр. Сәтпаев және Жезқазғанда нұротандықтардың бастамасымен коворкинг орталықтары мен оқушыларға арналған тегін ІТ сыныптар ашылған. Бүгінде жастар кітапханаларда ашылған замануи орталықтарға жаппай тартылып, бағдарламалау тілін үйренуге құлшыныс танытуда. «Нұр Отан» партиясы «Цифрлы Қазақстан» және «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыруға қандай үлес қосып жатқаны жайлы тілші толықтырады.

Үш жыл бұрын бұл ғимарат қараусыз, апаттық жағдайда болғанына қазір ешкім сенбейді. Жергілікті кәсіпкер Сәуле Шәуенова тозығы жеткен жатақхананы жөндеп қана қоймай, заманауи Білім орталығына айналдырды. Партиялық жаңа жобалардың жүзеге асуын көруге өңірге арнай келген Мәулен Әшімбаев атқарылған жұмыстармен өзі жіті танысты.

Сәуле Шәуенова, кәсіпкер:

Орталығымызда ІТ сынып, электронды кітапхана, коворкинг орталығы және тағы да басқа заманауи білім беру үйірмелері бар. Мысалы ағылшын тілі клубында оқушыларға ағылшын тіліне оқытып қана қоймай, олардың шет тілде еркін бір-бірімен пікір алмасуға арналған орындар бар. Балалардың кедергісіз білім алуына барлық жағдайды жасадық. Жастардың білімді болуына бағытталған «Нұр Отан» партиясының жаңа жобаларын толығымен қолдаймыз.

21 ғасырда оқушыларға заманауи білім алып қана қоймай, сұранысқа ие мамандық таңдау қажет. Елімізде «Цифрлы Қазақстан» бағдраламасын жүзеге асыру үшін ай-ти мамандары аса қажет. «Нұр Отан» партиясы осы бағытта да жаңа жобаларды қолға алған. Қазіргі күні партияның бастамасымен барлық аймақтарда оқушыларға арналған тегін ІТ сыныптар ашылып жатыр. Онда балалар программалау тілін терең меңгеріп, робототехникмен белсенді айналысады.

Евгений Аниченков,  "Алгоритмика" командасының маманы (Ресей):

Қазіргі күні дәрігерлер адамның өмірін арашалап қалу үшін арнайы компьютерлерді, арнайы роботтарды жиі қолдана бастады. Көлік құрастыру, дизайн, адамның өміріне қажетті барлық салада, тіпті сәулет өнерінде де цифрлы жүйені қолданада. Сондықтан ай-ти саланы меңгерген бала ертең елінің дамуына үлкен үлес қоса алатынына сенімдімін.

Партия бастамасымен республика бойынша ашылып жатқан коворкинг орталықтардың берері мол. Ол жерлерде жастың да, жасамыстың да өз білімін дамытуға барлық жағдай жасалған. Тіпті партия коворкинг орталықтарында ай-ти мамандығын меңгергендерге жұмыс тауып беруге даяр.

Мәулен Әшімбаев, «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары:

Осындай коворкинг центрлардың негізгі мақсаттарының бірі бұл жерде енді жастардың әрі қарай өсуіне мүмкіндік беретін сондай бір енді жобаларды жүзеге асыруымыз керек. Мысалы, енді ең Қазақстанда қазір біз трендтерді қарап отырамыз ғой. Трендтердің бірі мына жастардың, өзін-өзі, жастардың да, үлкен кісілердің де өзін-өзі дамытуға деген құлшынысы. Осы коворкинг центрларда жастарды тәрбиелеп, бір жаңа бір енді биіктерге шығаруға арналған мүмкіндіктер жасалған орталықтар болуы керек қой. Біздің мақсатымыз осы.

Сондай-ақ, «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Қарағанды облысына жұмыс сапары барысында цифрландыруға көшкен бірқатар өнеркәсіп орындарын аралады. Ұлытау өңірінде кәсіпкерлер цифрландыруды наубайханалардан бастап, тігін фабрикаларына дейін енгізіп, енді соның жемісін көруде.

Айгүл ӘДЕПБАЙ