$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Қазақстанда 3 мың әйел қауіпті жүктілік бойынша тіркеуде тұр

AstanaTV
20.07.2018ж. 20:00
2561
Қазақстанда 3 мың әйел қауіпті жүктілік бойынша тіркеуде тұр

Елде дәрігерлердің жетіспеушілігінен ана өлімі азаймай отыр. Бұл туралы бүгін жарты жылды қорытындылаған Денсаулық сақтау минстрлігінің жиынында вице-министр Ләззат Ақтаева айтты. Ал Ақмола, Қарағанды, Атырау, Алматы және Қостанай облыстарына барлығы 340-тан аса акушер-гинеколог керек. 300-ге жуық анестезиолог мен реаниматолог мамандар аталған өңірлер мен Шығыс Қазақстанға аса қажет. Жығылғанда жұдырық болғандай әйелдерде өмірін тәуекелге тігуін тоқтатар емес, - дейді дәрігерлер. Мәселен, Қазақстанда 3 мыңнан аса азаматша босануы қауіп төндіретіне қарамастан, бала көтеріп жүр. Ол аздай жүктілігі бойынша тіркелмегендер саны артып отыр. Мұндай жағдайдың салдарынан ана өлімінің қауіпі Ақмола, Түркістан, Қарағанды облыстары және Астана мен Алматы өңірінде жиілеген.

Ләззат Ақтаева ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі:

Аталған аймақтардың денсаулық сақтау басқармалары, босануына мүлдем тиым салынған әйелдерге бақылауды күшейту керек. Ал егер де олар босануға тәуекел еткен болса, жүктілік уақытында аналарды қатаң қадағалау керек. Бүгінгі таңда ондай көрсеткіш бойынша 3029 әйел тіркеуде тұр. Әдеттегідей Түркістан облысы көш басында.

Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің есебі бойынша жарты жылда шағымдар 62 пайызға өскен. Министр сондай арыздың бірі Алматы облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысына түскенін айтты. Оны Қаскелеңдегі жұқпалы аурулар ауруханасындағы қызметкерлер жазған.

Елжан Біртанов, ҚР Денсаулық сақтау министрі:

Ко мне поступило обращение от сотрудников, что собираете деньги на ремонт?

Бауыржан Ысқақ, Алматы облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

По этому поводу сейчас идет служебное расследование, Ержан Амантаевич. По тем замечаниям, которые вы сказали отстранен от занимаемой должности. -Я имею в виду больницу Каскелена. -Қаскелең бойынша строгий выговор берілді. Сіз айтылған мәселе бойынша ай соңына реттеледі. Болмаған жағдайда шара қолданылады.