Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Грекиядағы тілсіз жау 80-ге жуық тұрғынның өмірін жалмады

AstanaTV
25.07.2018ж. 20:00
2930
Грекиядағы тілсіз жау 80-ге жуық тұрғынның өмірін жалмады

Грекиядағы тілсіз жау 80-ге жуық тұрғынның өмірін жалмады. Ал қызыл жалыннан 200-ге жуық адамды күйік шалған. Кейбірінің халі тым ауыр. Сондықтан билік өкілдері орман өрті құрбандарының саны артуы мүмкін деп қауіптенеді. Оның үстіне құтқарушылар қызыл жалынға оранған үйлер мен ғимараттардың ішінен қайтыс болған адам денелерін іздестіруге кіріскен. Күні-түні жүздеген өрт сөндіруші жалынмен күресіп те жатыр. Өртті ауыздықтауға 3 ұшақ пен 2 тікұшақ жұмылдырылған. Тіпті жергілікті тұрғындардың көбісі амалсыздан баспаналарын тастап кетуге мәжбүр. Теңіз шекарашылары өрттен жағажайға қашқан 700-ге жуық адамды эвакуациялады.

Еске сала кетейік, осыдан 2 күн бұрын  Грекия астанасы Афинаға жақын маңдағы орман өртенген. Жалын шаһардан 30 шақырымдай жердегі таулы мекендегі қарағайлы орманнан тұтанған. Айта кетейік, жаз айларында Грекияда орман өрті жиі болады.  

Янис, жергілікті тұрғын:

Мұндағылардың әрқайсысы өрттен шығудың амалын іздеді. Кейін жалын оларды дәл осы жерде тоқтатты. Өйткені өрт бұл жерден шығар есіктердің барлығына санаулы секундтардың ішінде тарап кетті. Адамдар қайда барып, өрттен құтыларын білмей, әуре-сарсаңға түсті.

Джина, жергілікті тілші:

Қызыл өрттен көбісі бір үй төмен орналасқан жақын жердегі өзенге секірмекші болды. Бірақ олар көшелердің көбісінде тастар жатқанын білген жоқ. Сондықтан тұзаққа түсіп қалды, Себебі өрт оларды лезде қоршап алды. Олардың жалыннан құтылатын ешқандай амалдары болмады.