$462.36 €493.48 ₽5.99
×

АҚШ-та алаяқтық жолмен автокөлік сатумен айналысты деп айыпталған үш қазақстандықтың азаматтығы анықталып жатыр

AstanaTV
25.07.2018ж. 20:00
1830
АҚШ-та алаяқтық жолмен автокөлік сатумен айналысты деп айыпталған үш қазақстандықтың азаматтығы анықталып жатыр

АҚШ-та алаяқтық жолмен автокөлік сатумен айналысты деп айыпталған үш қазақстандықтың азаматтығы анықталып жатыр. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің өкілі хабарлады.

Айбек Смадияров, ҚР ІІМ баспасөз қызметінің жетекшісі:

Біз жағдайдың мән-жайын анықтап жатырмыз. Бұл ақпаратты біз кеше кешке алдық. Енді қазір олардың нақты біздің елдің азаматтары ма немесе Қазақстанда тұрған ба, соны анықтап жатырмыз. Нақты мәлімет болғанда, хабарын береміз.

Бұған дейін ақпарат құралдары ұсталғандардың арасында 3 қазақстандық барын хабарлады. 17 адамнан тұратын қылмыстық топ жалған фирмалар құрып, клиенттердің алдын ала төлемін алып, іздерін суытып отырған көрінеді. Күдіктілердің алаяқтықпен айналысқаны дәлелденсе, 20 жылға дейін бас бостандықтарынан айрылуы мүмкін. 


orda

«Orda FM» радиосы

Бұл жақсы музыка, өзекті жаңалықтар, қызықты бағдарламалар мен еркеліктер толқыны
Онлайн тыңдау
AstanaTV жарнамасы

Телеграм-канал AstanaTV

Подпишитесь на наш телеграм-канал и будьте в курсе всех событий моментально . Участвуйте в различных розыгрышах