Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

АҚШ тарапының анық қадамдары керек - Э. Макрон

AstanaTV
27.07.2018ж. 20:00
1796
АҚШ тарапының анық қадамдары керек - Э. Макрон

Франция президенті Эммануэль Макрон Еуропалық одақ пен АҚШ арасында басталған трансатлантикалық сауда әріптестігі келісімін қолдамайды. Бұл туралы ол Мадридте Испания премьер-министрі Педро Санчеспен өткен баспасөз жиынында мәлімдеді. Оның ойынша, жақсы сауда келісімі тек өзара және теңгерімділік негізде ғана бола алады. Бірақ ол АҚШ тарапынан Еурокомиссия басшысымен кездескенге дейін байқалмады. Дегенмен Трамп пен Юнкер "тарифтерді азайту бойынша жұмыс істеуге" келіскен еді. Ал Франция президенті нық қадамдар көрмей отырғанын мәлімдеді. 

Эммануэль Макрон, Франция президенті:

АҚШ тарапының анық қадамдары керек. Қазір біздер үшін Америка нарығы жабық. Сондықтан алға жылжу үшін алдымен осы мәселені шешіп алу керек деп ойлаймын.