Негізгі / Жаңалықтар / Елде жыл басынан газбен жүретін көліктер саны 44,5% пайызға өсті

Елде жыл басынан газбен жүретін көліктер саны 44,5% пайызға өсті

Биыл газбен жүретін көліктер көбейді. Мұны Қазақстан автобизнес қауымдастығы хабарлап отыр. Биыл қаңтар мен шілде айлар аралығында Ішкі істер министрлігіне көгілдір отынмен жүретін 89 мыңнан астам темір тұлпар тіркелген. Яғни былтырға қарағанда, 44,5% пайызға өсіп отыр. Бұл  елдегі  қаңтар-маусым айларында тіркелген барлық автокөліктердің 15,9 пайызын құрайды. Қауымдастықтың ақпарынша, республикада  сұйытылған газ -  ең қолжетімді  отын болып отыр. Қазір оның литрі 55-80 теңгені құрап отыр. Газ қондырғылары көбіне пайдаланылғанына 10-20 жыл болған көліктерге орнатылған. Ол 30 мыңнан асады. 3-10 жыл аралығындағы 28 мыңға жуық, ал өндірілгеніне 3 жыл болмаған 6 жарым мыңдай көлік газбен жүретін болған.