Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

6 айда «Тау-Кен Алтын» зауыты Ұлттық банкке 10 тонна таза алтын құймасын 2 миллиард теңгеге сатқан

AstanaTV
09.08.2018ж. 20:00
4833
6 айда «Тау-Кен Алтын» зауыты Ұлттық банкке 10 тонна таза алтын құймасын 2 миллиард теңгеге сатқан

Алғашқы жартыжылдықта «Тау-Кен Алтын» зауыты Ұлттық банкке 2 миллиард теңгеге 10 тонна таза алтын құймасын сатқан. Мұндай ақпаратты "Тау-Кен Алтын" компаниясының өклі хабарлады. Ұлттық банкке «9999» сапалы таза металл өткізілген. Әр құйманың салмағы 12 келіні құрайды. Ал жыл соңына дейін заманауи аффинаж зауыты 20 тонна алтын құймасын Бас банкке өткізбек. Ал былтыр таза алтынның 15 тоннасын сатыпты. Сондай-ақ кәсіпорын отандық зергерлерге Лондон биржасы бекіткен бағамен алтын сатуды да қолға алмақ. Бүгін бағалы металлдың 1 граммы шамамен 14 000 теңге.

Жанас Мұратбек,  «Тау-Кен Алтын» ЖШС бас сарапшысы:

Зергерлерге дайын құймаларды сату арқылы оларға көмектескіміз келеді. Өйткені бір келіден асатын алтынды сатып алуға кез-келген зергердің қалтасы көтере бермейді. Оларға 100 граммнан бастап түйіршек түрінде сатамыз. Ұлттық банктен алғашқы жартыжылдықта оларға 150 келіге дейін алтын сатуға лимит алдық.