Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×
Реклама на сайте

Биылдан бастап мектептерді жан басына қарай қаржыландырады

AstanaTV
15.08.2018ж. 20:00
2710
Биылдан бастап мектептерді жан басына қарай қаржыландырады

Астанадағы мектеп оқушыларын қамту үшін алдағы жылдары 24 мектеп салыну керек. Бұл туралы әкімдік мамандары айтты. Биылғы оқу жылында Астанада бірінші сыныпқа баратын оқушылар саны 20 мыңға жетуі мүмкін. Демек, былтырмен салыстырғанда 2 мың оқушыға көп. Қаладағы мектеп жетіспеушілігін азайту үшін алдағы 4 жылда 24 білім ошағымен 10 қосымша ғимарат салу жоспарланып отыр. Шенеуніктер осы арқылы мектептегі 3 ауысымдық оқуды түбегейлі шешеміз дейді.

Әнуар Жанғозин, Астана қаласы білім беру басқармасының басшысы:

Астанада  жаңа оқу жылында  орташа есеппен 1 сыныпта шамамен 30 бала білім алады. Бірақ та алдағы уақытта қосымша мектептер салу арқылы бұл санды 25-ке дейін азайтуды мақсат етіп отырмыз.

Ал биылдан бастап Астана мектептері жан басына қарай қаржыландырылады. Яғни оқу ордасында білім алатын оқушылардың санына қарай қаржы бөлінеді. Мемлекеттік қана емес, жекеменшік мектептерге де ақша аударылады. Жылына бастауыш сыныптардағы әр оқушы үшін 160 мың теңге, жоғары сынып оқушылары үшін 200 мың теңге берілмек. Яғни бұл өзгеріс балаларын жекеменшік мектептерге беретін ата-аналарға үлкен қолдау болғалы тұр.