Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Арнайы сценарий желісімен Әбу-Дабиде өртке қарсы оқу-жаттығу өтті

AstanaTV
23.08.2018ж. 20:00
3340
Арнайы сценарий желісімен  Әбу-Дабиде өртке қарсы оқу-жаттығу өтті

Астанада оқыс жағдай!  Елорданың қақ ортасында салынып жатқан 75 қабатты Әбу-Даби Плазадан тағы өрт шығып, 200-ге жуық адам қызыл жалын құрсауында қалып қойды. Оқиға орнына дереу жеткен 60 адам  мен 22 арнайы техника қызыл жалынды ауыздықтауға кірісті.

Осындай сценарий желісімен Орта Азиядағы ең биік ғимарат саналатын Әбу-Дабиде арнайы оқу-жаттығу өтті. Нақтырақ айтқанда, әлі салынып бітпеген нысанның 35-ші қабатында құрылыс материалдарынан өрт шығып, тіпті 36 қабатқа да жайыла бастаған. 200-ге жуық адам бір сәтте қызыл жалынмен бетпе-бет келіп, одан аман-есен шығудың амалын іздеді. Ал оқиға орнына шұғыл жеткен құтқарушылар арнайы баспалдықтың көмегімен 100 шаршы метрге жайылған өртті өшірді. Сондай-ақ дереу өрт құрсауында қалып қойғандарды әп-сәтте іштен  шығарып алды. Төтенше жағдай мамандары өрт кезінде 30-шы  қабатқа дейін арнайы автобаспалдақтарды қолданады. Ал одан жоғары қабаттардағы қызыл жалынды өшіруге  ішкі крандарды пайдаланады. Сондай-ақ әр қабаттарда арнайы суға толы сыйымдылықтар да қойылған. Айта кетейік, оқу-жаттығу үшін бұл нысан бекерге таңдалмаған. Өйткені дәл осында соңғы 2 жылда 4 рет өрт шыққан.