Азиада
ойындарында Қазақстан қоржынына 7-шы алтын түсті. Бір сағат бұрын көркем
гимнастикадан Қазақстан командасы көк туды желбіретті. Бұл сында ел намысын
Алина Әділханова, Даяна Әбдірбекова және Адиля Тілекенова қорғады. Сондай-ақ
бүгін каратэші Гузалия Гафурова 68 келі
салмақта қытайлық спортшыдан басым түсіп, Индонезияда Қазақстан әнұранын
ойнатты. Жерлесіміз жарақатына
қарамастан, жеңіс тұғырынан көрінді. Сенбіде джиу-джитсудан Дархан Нортаев 62
келіде чемпион атанса, жексенбіде аталған спорт түрі бойынша тағы бір алтынды
77 келі салмақ дәрежесінде Руслан Исраилов алды.
Сонымен, қазақстандықтардың
қоржынында 43 медаль бар. Оның жетеуі алтын, сегізі күміс, 28-і қола
жүлде. Ел құрамасы жалпы есепте 11-ші орында.
Азия ойындарында медаль мен алтын саны бойынша көшбасшы - Қытай. Екінші
орында жапондықтар болса, үштікті Оңтүстік Корея қорытындылайды. Қазақстан
Өзбекстаннан кейінгі орында тұр. Индонезия астанасы Джакартада өтіп жатқан Азия
ойындары 2-ші қыркүйекте өз мәресіне жетеді.