$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Елдегі құқыққорғау саласының реформасына неміс тәжірибесі қолданылады

AstanaTV
27.08.2018ж. 20:00
2907
Елдегі құқыққорғау саласының реформасына неміс тәжірибесі қолданылады

Елдегі құқық қорғау саласының реформасына неміс тәжірибесі қолданылады. Бүгін Президент әкімшілігінің жетекшісі Әділбек Жақсыбеков Германиядан келген бір топ делегациямен Бас прокуратурада бас қосты. Отырысқа Бас прокурор Қайрат Қожамжаровтан бастап, елдегі құзырлы органдар басшыларының бірі қалмай келген. Қос тарап сотқа дейінгі тергеу, прокуратура органдары және соттың қызмет барысында адам құқықтарын қорғауды нығайту бойынша тәжірибе алмаспақ.

Альбрехт Шрайбер, Майндағы Франкфурт бас прокуроры:

Қос елдің құқық қорғау жүйесі әртүрлі. Мәселен, бізде 3 деңгейден тұрады. Алғашқысы - полиция органдары, екіншісі -  прокуратура, үшіншісі - сот. Германияда алдын-ала тергеу жұмыстарымен полицейлер айналыспайды. Бұл - прокуратураның шаруасы. Біз 140 жыл болған қылмыстық-процессуалдық реформаның Қазақстанға көмегі тиетініне сенімдіміз.