Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Мектептерде ақша жинауды тоқтату керек - А.Шпекбаев

AstanaTV
27.08.2018ж. 20:00
2633
Мектептерде ақша жинауды тоқтату керек  - А.Шпекбаев

Мектептің қажеттілігін мемлекет қамтамасыз етеді. Сондықтан білім ордаларында ұсақ-түйекке ақша жинауды тоқтату керек. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев бүгін астаналық мектеп директорларымен өткен жиында осылай деді. Ол алым-салымның орнына бюджеттен бөлінген қаржатты тиімді жұмсалуға кеңес берді.

Алик Шпекбаев, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің төрағасы:

Бүгінгі таңда біздің қоғам бәрін ашық айтатыны ұмытпаңыздар. Колл-орталықтар бар. Менің фейсбукте жеке парақшам бар. Күніне кем дегенде 50-100 хат түседі. Оның барлығын жіті қарап, тиісті сала өкілдері мәселесі бар болса, міндетті түрде шешеді. Бүгінде қарапайым халық проблеманы жасырмайды.