Тишин
кенішінде үйінді астында қалған машинисті құтқару жұмыстары әлі де жалғасып
жатыр. Іздестіру шарасы осымен бесінші тәулікке ұласты. Қазіргі уақытта тау
массасының көшу қаупі бар аумақтарды нығыздау жұмыстары аяқталған. Жүк тиеу
көлігі жұмыс істеген орынға дейін ұңғыма қазылды. Төтенше жағдай болған кезде
тау-кен жынысының қозғалуынан машина басқа жерге көшуі мүмкін деген болжам да
бар. Бұл іздестіру ісін қиындатып, іздеу аумағын барынша ұлғайтқан. «Қазцинк»
таратқан хабарламада апаттық-құтқару жұмыстарына қатысушылар қауіпсіздік
нормасымен қамтылғаны айтылған.
Еске салсақ, 24-ші тамыз күні кеніште топырақ
қабаты үгітіліп, құлаған. Сол маңдағы машинист үйінді астында қалды.
Құтқарушылар күшейтілген кестеде жұмыс істеп жатыр. Алайда, осы күнге дейін кеншіні
аршып алу мүмкін болмай тұр. Бүгінде Тишин кенішінде өндіріс жұмыстары толық
тоқтатылған.